Accessibility links

HRW: Орталық Азия басшылары "араб көктемінен" қауіптенеді


Human Rights Watch ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.
Human Rights Watch ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.
Human Rights Watch ("Хьюман Райтс Вотч") халықаралық құқық қорғау ұйымы кеше БҰҰ-да өткізген баспасөз жиынында "Орталық Азия елдерінде 2011 жылы мемлекет саясатынан өзгеше ойлайтындардың қудалана бастауы мұндағы диктаторлардың "араб көктемінің" қайталануынан қорыққандығынан болды" деп мәлімдеді.

Ұйымның араб елдеріндегі жағдайды талдаған жаңа баяндамасында Әзірбайжанда өткен жылы адам құқықтарының жағдайы нашарлағаны мен Қазақстанның адам құқықтары саласында реформалар жүргізуге берген уәдесін орындай алмағаны айтылады. Адам құқықтары Тәжікстан қоғамында да қорғалмай отыр.

Ал Қырғызстанда 2010 жылдың маусымында болған оқиғалардың салдарымен күрес жұмыстары жалғасып жатыр әрі баспасөз еркіндігі жақсарып келеді.

HRW бұл баяндамасында Түркіменстанда 2011 жылы дін бостандығын шектейтін заң қабылданғанын атап өткен.

Ал Өзбекстандағы адам құқықтарының жағдайы бұрынғыдан нашарлаған. HRW Ташкенттің "араб көктеміне" жауап ретінде елдегі полицияны көбейтіп, интернет кеңістігіне бақылауды күшейткенін байқаған.
XS
SM
MD
LG