Accessibility links

Исламшыл топ Қызыл крестті Сомалиден қумақ


Халықаралық Қызыл крест ұйымының жүк көліктері. Көрнекі сурет.
Халықаралық Қызыл крест ұйымының жүк көліктері. Көрнекі сурет.
Сомалидегі Исламшыл "Әл-Шабааб" тобы халықаралық Қызыл крест ұйымының қызметкерлеріне өзінің бақылауындағы елдің оңтүстік және орталық бөлігінен кетуді бұйырды.

"Әл-Қаидамен" байланысы бар бұл топтың хабарлауынша, мұндай шешім қабылдауға халықаралық ұйымның "Әл-Шабааб" тобы бізге азық-түлікті бөліп, таратуға кедергі жасайды" деп жала жабуы себеп болған.

БҰҰ-ның мәліметінше, соғыс жүріп жатқан Сомалиде гуманитарлық дағдарыс шегіне жеткен. Елдегі халықтың төрттен бірі аштық жағдайында өмір сүреді. Исламшыл топтардың ықпалы басым Сомалиге ірі мөлшерде гуманитарлық көмек көрсететін санаулы ұйымдардың қатарында халықаралық Қызыл крест ұйымы да бар.
XS
SM
MD
LG