Accessibility links

Грекия көмек қаржыдан қағылуы мүмкін


PAME кәсіподағына мүше жұмысшылар үкіметтің қатаң экономикалық шараларды қабылдауына наразылық танытып, парламетн үйіне шерулетіп келеді. Афины, Грекия, 7 ақпан 2012 жыл.

PAME кәсіподағына мүше жұмысшылар үкіметтің қатаң экономикалық шараларды қабылдауына наразылық танытып, парламетн үйіне шерулетіп келеді. Афины, Грекия, 7 ақпан 2012 жыл.

Грекия саясаткерлері халықаралық қауымдастық бөлген 130 миллиард еуроны алуға қажетті реформалар жасауға нақты шешім қабылдай алмай отыр.

Премьер-министр Лукас Пападемостың парламенттік коалиция жетекшілерімен қатаң экономикалық реформалар жасау туралы кеше басталған келіссөздері бүгін сәтсіз аяқталды. Үкімет пен парламент қатаң экономикалық шаралар жасау туралы келісімге келді. Бірақ қарыз беруші Еуроодақ, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Еуропаның орталық банкі талап еткен зейнетақы төлемін қысқарту туралы келісімге келе алмады.

Коалиция жетекшілерімен келісімге келе алмаған соң Лукас Пападемос Еуроодақ, ХВҚ және Еуропаның орталық банкі өкілдерімен кездесуге кетті. Ал қаржы министрі Евангелос Венизелос Брюссельге барды.

Брюссельде бүгін кешке Еуроодаққа кіретін елдердің қаржы министрлері Грекияның қаржы дағдарысын талқылауы тиіс. Венизелос Грекияның "Еуроодақ жаңа қаржылай көмекке қатысты жеңілдік жасайды деген үміті барын" айтты.

Ал Афиныда үкіметтің қатаң экономикалық шаралар қабылдауына қарсы PAME кәсіподағы наразылық шарасын өткізіп келеді.

Егер Грекия көмек қаржыны ала алмаса, наурызда дефолт жариялауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG