Accessibility links

Ауғанстанда Құранды өртеуге қарсылық танытып жатыр


Баграмда Құранның өртелуіне қарсылық танытушылар. Ауғанстан, Баграм, 21 ақпан 2012 жыл.
Баграмда Құранның өртелуіне қарсылық танытушылар. Ауғанстан, Баграм, 21 ақпан 2012 жыл.
НАТО-ның Ауғанстандағы ең үлкен әуе базасында осында ислам діни әдебиеттерінің, оның ішінде Құранның өртелгеніне қарсы наразылық акциясы екінші күнге жалғасты.

Жүздеген адам Кабулдың солтүстігіндегі Баграм әуе базасының полициясына тас лақтырып, қарсылық танытқан. Reuters агенттігінің хабарлауынша, наразылықтар елдің шығысындағы Жалалабад қаласында да өтіп жатыр. Кеше 2 мыңға жуық демонстрант Баграмға жиналып, полицияға жанғыш зат бар бөтелке, тас лақтырды, "Америкалықтарға өлім" деп айқайлады.

Ақ үй мен Пентагон және НАТО басшылығы діни әдебиеттердің өртелгенін "қателік" деп атап, кешірім сұрады. АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта оқиғаны тергеуге тапсырма берді.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай да, Талибан да бұл оқиғаны айыптап, "ислам құндылықтары аяққа тапталды" деді.

Ауғандықтар өткен жылы сәуірде Америкада пастордың Құранды өртеуіне де қарсы шыққан еді.
XS
SM
MD
LG