Accessibility links

Назарбаев: Патриоттық фильмдерді көп түсіру керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық кино режиссерлерін "патриоттық фильмдерді көптеп түсіруге" шақырды.

Назарбаев бұл сөзін "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Болашақ" бағдарламасының түлектері жайлы "Армандастар" фильмін тамашалаған соң айтты. Президенттің сөзінше, фильмде жастардың білім алуға деген ұмтылысы, достық, махаббат және қарапайым адами қатынастардың қамтылған.

Оның сөзінше, шетелдік, оның ішінде голливудтық фильмдерде негізінен жеке адамға қатысты мәселелер кеңінен насихатталады. "Қазақстанға керісінше, қоғам жайлы кинолар көбірек керек" дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Назарбаев "болашақтықтарға" қарата: "Сіздер шетелде білім алып келдіңіздер. Ол жақта барлығы бірдей керемет емесін білесіздер. Өз отандарыңа ешнәрсе жетпейді. Демек, жеке адам алған білімі мен жұмысын қоғамға арнауы керек" деді.
XS
SM
MD
LG