Accessibility links

Шушкевич Беларусьте чемпионат өткізбеуді қолдайды


Беларусьтің тұңғыш президенті Станислав Шушкевич Азаттық радиосына сұхбат берді. Вашингтон, 29 наурыз 2012 жыл.
Беларусьтің тұңғыш президенті Станислав Шушкевич Азаттық радиосына сұхбат берді. Вашингтон, 29 наурыз 2012 жыл.
Беларусьтің бұрынғы президенті Станислав Шушкевич 2014 жылы хоккейден өтетін әлем чемпионатын Беларусьте өткізбеу бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

Бейсенбіде Азаттық радиосына сұхбат берген Шушкевич мұндай жайлар бұған дейін де кездескенін алға тартты. Оның айтуынша, 1969 жылы Прагада өтеді деп жоспарланған чемпионат Стокгольмге ауыстырылған. Мұның себебі - 1968 жылы "Прага көктемі" аталып кеткен қозғалысты Совет әскерлерінің қатаң басып тастауы болған. Бірақ 1969 жылғы чемпионатта сол кездегі Чехословакия құрамасы СССР құрамасын жеңіп, әлем чемпионы атанған.

Бейсенбіде Еуропа парламенті "Минск адам құқықтарын аяққа таптап отыр" деп, халықаралық хоккей федерациясын Беларусьті 2014 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айыруға шақырған болатын.

Еуропарламент депутаттары хоккей федерациясынан "президент Александр Лукашенко саяси тұтқындарды босатпаған жағдайда осы шараны қолдануды" сұрады.
XS
SM
MD
LG