Accessibility links

Ауғанстанда 30 талиб қаза тапты


Ауғанстанның батысында ауған және НАТО күштерінің бірлесе жүргізіп жатқан операциясы барысында 30 талиб сарбазы қаза тауып, 15-і жараланды.

НАТО күштері мен жергілікті полицияның бірлескен күштері өкілінің хабарлауынша, сәрсенбіде Фатах уәлаятының Гүлстан ауданында армия қарауылына талиб жасақтары шабуыл жасап, үш ауған әскери қызметкерін мерт еткен. Ауғандарға әскери тікұшақтар мен арнаулы бөлімшелер көмекке келген.

Ұрыс әлі жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG