Accessibility links

Индонезия: Мұхитта цунами болуы мүмкін


Индонезияның картасы (қызылмен белгіленген) Көрнекі сурет.
Индонезияның картасы (қызылмен белгіленген) Көрнекі сурет.
Индонезия билігі сәрсенбіде Үнді мұхитында цунами болуы мүмкін деген қауіп айтты. Индонезия жағының хабарлауынша, елдің Ачех провинциясының солтүстігінде магнитудасы 8.7 баллдық жер сілкініс болған.

Батыстық ақпарат құралдары жер сілкінісінің Сингапур, Таиланд, Малайзия және Үндістанда сезілгенін хабарлап жатыр.

Цунами болуы мүмкін деп Үндістан үкіметі де ескерту жасап, "Елдің шығыс жағалауларында теңіз толқынының биіктігі алты метрге дейін жетуі мүмкін" деп болжады.

2004 жылдың желтоқсанында Үнді мұхитының түбінде болған жер сілкінісінен соң күшті цунами болды. Индонезияның бір ғана Ачех провинциясында ғана 170 мың адам құрбан болды. Үнді мұхитының жағалауындағы 13 мемлекетте табиғат апатының салдарынан 230 мың адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG