Accessibility links

Иран Германияға мұнай сатуды тоқтатты


Иранның ағылшын тілді Press TV телеарнасы Тегеранның Испаниядан соң Германияға да мұнай экспорттауды тоқтататынын хабарлады.

Телеарна бұл қадамды "Еуроодақтың 1 шілдеден бастап Иран мұнайын импорттауға тыйым салғанына Тегеранның жауабы" деп түсіндірді.

Иран Франция, Ұлыбритания және Грекияға мұнай сатуды әлдеқашан тоқтатқан. Енді Испанияға мұнай экспорттауды тоқтатпақ. Телеарна бұған қоса Иранның еуропалық 100 компанияның өнімін импорттауға тыйым салуды қарастырып жатқанын да айта кетті.

Еуроодақ "Иран құпия түрде ядролық қару жасап жатыр" деп қауіптеніп, бұл елге қарсы бірқатар санкциялар жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG