Accessibility links

Сирияда үкімет әскері Хомсты атқылады


Қаланы бақылап жүрген Сирия үкіметі әскері. Дамаск, 13 сәуір 2012 жыл.

Қаланы бақылап жүрген Сирия үкіметі әскері. Дамаск, 13 сәуір 2012 жыл.

Сирияда үкімет әскері сенбі күні таңертең де Хомс қаласындағы орталық екі ауданды атқылады деп хабарлайды белсенділер. Сириядағы адам құқын бақылау ұйымының (Лондон) дерегінше, бірнеше адам жараланған.

Елде атысты тоқтату туралы келісім бейсенбіде күшіне енсе де, жұма күні кешке үкімет әскері қаланы атып жатыр деген хабар тараған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін Сирияға қарсыласушы тараптарды және атысты тоқтатуды бақылау үшін алғашқы 30 халықаралық бақылаушыны жібереді. Бұл шара - БҰҰ және Араб лигасы елдерінің арнайы өкілі Кофи Аннан ұсынып, Дамаск мақұлдаған дағдарысты шешу жоспарының бір бөлігі.
XS
SM
MD
LG