Accessibility links

БҰҰ-ның бақылаушылары Хомсқа орнықты


Отқа оранған Хомс қаласының көрінісі. Сәуір, 2012 жыл

Отқа оранған Хомс қаласының көрінісі. Сәуір, 2012 жыл

Сириядағы атысты тоқтатуға қатысты БҰҰ-ның екі бақылаушысы 22 сәуір күні Хомсқа орналасты. Ұрыс кезінде талқандалған бұл қаланы бір күн бұрын халықаралық ұйымның бір топ бақылаушысы шарлап шыққан еді.

Әуесқой видео-роликте БҰҰ тобының атыстан кейінгі қаладағы шұрық-тесік ғимараттар мен қирандылардың арасынан өтіп бара жатқаны көрінеді. Хомс ұзақ уақыт бойы үкімет әскерінің қоршауында қалған болатын.

Кеше БҰҰ-ның Сириядағы дағдарысы бойынша өкілі Кофи Аннан осы елге арнайы бақылаушы топтың жіберілуін мақұлдап, екі апта бұрынғы жасалған бітім үшін маңызды оқиға деп мәлімдеген еді. Бірақ 22 сәуір күні атыс пен жарылыс үні Дамаскінің маңындағы Дума қаласынан қайта естілді.
XS
SM
MD
LG