Accessibility links

Грекияда парламент сайлауының қорытындысы шықты


Солшыл "Сириза" партиясының жетекшісі Алексис Ципрас парламент сайлауында дауыс беріп тұр. Афины, 6 мамыр 2012 жыл.
Солшыл "Сириза" партиясының жетекшісі Алексис Ципрас парламент сайлауында дауыс беріп тұр. Афины, 6 мамыр 2012 жыл.
Грекиядағы парламент сайлауында алдын ала нәтижелер бойынша оңшыл "Жаңа демократия" партиясы - 19 пайыз, "Жаңа демократиямен" коалициядағы социалистік ПАСОК партиясы 13 пайыз дауыс жинап, парламенттегі басымдығынан айырылды.

"Жаңа демократияның" бюджет шығындарын қысқарту бағдарламасына қарсы шыққан "Сириза" партиясы 17 пайызбен екінші орында тұр. "Сиризаның" басшысы Алексис Ципрас Еуропа Одағы (ЕО) мен халықаралық қауымдастықтың Грекияға беретін қаржылай көмегі туралы келісім-шарт талаптарын жарамсыз деп тануға шақырып, солшыл бағыттағы коалициялық үкімет құруға тырысатынын айтты.

"Жаңа демократия" партиясының жетекшісі Антонис Самарис келісім-шартты қайта қарауға дайын екенін, бірақ елдің ЕО аймағында қалуы қажет деп санайтынын айтты.

Азиялық қор нарықтарында дүйсенбіде еуроның бағамы соңғы үш ай ішіндегі ең төменгі деңгейге түсіп кетті. Сарапшылар бұған Францияда социалистер басшысының президенттікке келуі мен Грекияда үкіметтің ауысуы себеп болды дейді.
XS
SM
MD
LG