Accessibility links

Жаңаөзеннен кейін үкімет ереуілшілермен басқаша сөйлесіп жатыр


"Қаражамбасмұнай" компаниясының жұмысшылары талаптарын қағазға түсіріп жатыр. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 жыл. Көрнекі сурет

"Қаражамбасмұнай" компаниясының жұмысшылары талаптарын қағазға түсіріп жатыр. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 жыл. Көрнекі сурет

Stratford зерттеу орталығының сарапшылары "Қауіпсіздік мәселесін ушықтырмау үшін келісім жасау арқылы Астана енді басқа да секторлардағы ереуілдерге өзі түрткі болуы мүмкін" деп жазады.

Зерттеу орталығы мамыр айының басынан бері Жезқазған аймағындағы "Анненский", "Оңтүстік" және "Шығыс" мыс кеніштерінің 300-ге тарта жұмысшысы жалақы өсіруді талап етіп ереуілге шыққанын атап өтеді.

Stratfor ("Стрэтфор") "Қазақмыс" компаниясы орташа айлық жалақы 1 600 АҚШ доллары деп мәлімдегенімен кеншілер әлдеқайда аз алатынын айтқан деп жазады. Мамырдың 6-сы екі тарап келісімге келген.

Ары қарай зерттеу ұйымы Қазақстан билігінің дәл осындай талап айтып ереуілге шыққан жаңаөзендік мұнайшылардың мәселесін қалай шешпек болғанын еске салады. Астананың қанды оқиғаға ұласқан ереуіл үшін халықаралық деңгейде сынға ұшырағанын жазады.

Stratfor Қазақстан үкіметінің еңбек дауына қатысты бұрынғыдан гөрі жұмсақтау, келісімге бейім тәсілдер қолдана бастағанына назар аударады. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру мен жұмысқа қайта алу сияқты шаралар жасалып жатқанына меңзейді.
Stratfor Қазақстан үкіметінің еңбек дауына қатысты бұрынғыдан гөрі жұмсақтау, келісімге бейім тәсілдер қолдана бастағанына назар аударады.
Ұйым кеншілердің ереуілі кезінде "Қазақмыстың" да, 26 пайыз акцияның иесі болып отырған үкіметтің де мәселені күшпен шешкісі келмегені көрінді деп санайды. Сарапшылар "Қауіпсіздік мәселесін ушықтырмау үшін келісім жасау арқылы Астана енді басқа да секторлардағы ереуілдерге өзі түрткі болуы мүмкін" деп жазады.

Зерттеу ұйымының жазуынша, Жезқазған кеншілерінен бұрын биыл қаңтар айында Атыраудағы "Теңізшевройлға" қарасты "Сенімді құрылыс" компаниясының жұмысшылары да ереуілге шыққан. Қазақстанның ең ірі үш мұнай кенішінің біріндегі құрылыс компаниясында туған бұл дауды да Қазақстан үкіметі өте жылдам шешуге тырысқан. "Мыс кеніштеріндегі ереуіл сияқты құрылысшылардың ереуілі де күш қолдану шарасына ұласпады. Керісінше, қазақ үкіметі жалақыларын 25 пайызға өсіру туралы ұсыныс жасап, оны жұмысшылардың көпшілігі қабыл алды" деп жазады Stratfor.

Ұйымның пайымдауынша, Қазақстан үкіметі ішкі тұрақтылықты сақтау үшін ереуілдерді бейбіт түрде келісімге келу арқылы шешуге тырысып жатыр. "Бірақ үкімет келісімге тез келе алатынын көрсетіп қойды, әрі елде қазір экономикалық ахуал тұрақсыз болып тұр. Сол себепті басқа секторлардағы жұмысшылар да жалақы өсіруді талап етіп ереуілге шығатын оңтайлы сәтті пайдаланып қалуы мүмкін" деп түйіндейді сарапшылар.

Stratfor-дың болжауынша, қазақ үкіметі жаппай жалақы өсіруді талап етуші ереуілдерді болдырмау үшін сергелдеңге түсуі мүмкін. Өйткені Ақорданың мұнша өтінішті қанағаттандыратын шамасы жоқ.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG