Accessibility links

Атабаев пен Мамайды Жаңаөзенге тергеуге шақыртты


Театр режиссері Болат Атабаев. Алматы, 20 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Театр режиссері Болат Атабаев. Алматы, 20 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Театр режиссері Болат Атабаев пен "Рух пен тіл" ұйымының белсендісі Жанболат Мамайды ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 30 мамырда Жаңаөзен қаласына тергеуге шақырды.

- Бүгін мені Алматыдағы ҰҚК департаментіне шақыртып, 30 мамырда ҰҚК-нің Жаңаөзен қалалық бөлімінде тергеуге келуге шақыру қағазын тапсырды. Шақырту Болат Атабаевқа және екі екі қорғаушымызға да берілді, деді сәрсенбіде Жанболат Мамай Азаттық тілшісіне.

23 қаңтарда ҰҚК Жанболат Мамайдың, тіркелмеген "Алға" партиясы өкілдері және бірнеше азаматтық қоғам белсенділерінің пәтерлері мен жұмыс орындарын тінтіп, кейбірін тұтқындаған.

Ал наурыздың басында Болат Атабаев пен Жанболат Мамайға қылмыстық кодекстің 164-бабының 3-тармағы бойынша "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағылып, оларға Алматыдан ешқайда кетпеу туралы қолхат жаздырған.
XS
SM
MD
LG