Accessibility links

Eurovision байқауында швед әншісі жеңіп шықты


Eurovision байқауының жеңімпазы, швед әншісі Лорин. Баку, 27 мамыр 2012 жыл.

Eurovision байқауының жеңімпазы, швед әншісі Лорин. Баку, 27 мамыр 2012 жыл.

Биыл Әзірбайжанда өткен Eurovision ("Еуровижн") байқауында 28 жасар швециялық әнші Лорин бас жүлдеге лайық деп танылды. Ол жарыс кезінде өзін өкшелеп келе жатқан Ресей мен Сербиядан келген бәсекелестерінен қара үзіп кетті.

Баку қаласында ұйымдастырылған байқау 27 мамыр күні кеш бата аяқталды.

Арғы тегі марокколық Лориннің "Эйфория" әні соңғы алты апта бойы Швециядағы ең көп тыңдалған хитке айналған болатын. Байқау ережелері бойынша әншінің жеңісінің құрметіне келесі жылғы шоу Швецияда өтпекші.

Ресейлік "Бурановские бабушки" тобы екінші орын, ал сербиялық Желько Йоксимович үшінші орын алды. Молдова, Македония, Украина, Босния мен Герцеговина және Албаниядан келген әншілер де Бакудің "Кристалл Холл" атты сарайында өткен финалда өнер көрсетті.

Жеңімпаз әнші Лориннің әнін төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар.


XS
SM
MD
LG