Accessibility links

"Қарсылық жиынына" қатысушыларға ескерту жасалды


Абай ескерткіші алдына жиналғандар. Алматы, 2 маусым 2012 жыл.
Абай ескерткіші алдына жиналғандар. Алматы, 2 маусым 2012 жыл.
Абай ескерткішінің маңында өтіп жатқан "Қарсылық жиынында" Медеу ауданы прокуратурасының өкілі Мадияр Басшыбаев жиналғандарға бүгінгі шараның заңсыз екенін айтып, дереу тарауларын сұрап ескерту жасады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, наразылық жиынына бірнеше ондаған адам жиналған. Олардың көпшілігі қарапайым адамдар. Белгілі адамдардан жазушы Софы Сматаев, қоғамдық белсенділер Ғалым Ағелеуов пен Ермек Нарымбаев бар. Оппозиция жетекшілерінен ешкім байқалмайды.

Жиналғандар Абай өлеңдерін оқып, сөз сөйледі. "Мұнайшыларға бостандық берілсін!", "Еркін Қазақстан!", "Репрессиялар жойылсын!" деген ұрандар айтты.
XS
SM
MD
LG