Accessibility links

Египет халқы президентін сайлап жатыр


Президент болудан үмітті Мохаммед Мурси сайлаушылармен кездесіп тұр. Каир, 15 маусым 2012 жыл

Президент болудан үмітті Мохаммед Мурси сайлаушылармен кездесіп тұр. Каир, 15 маусым 2012 жыл

17 маусым египеттіктер Хосни Мүбәрәк 2011 жылғы ақпанда биліктен айырылғалы бері бірінші мәрте президент сайлау үшін дауыс беріп жатыр. Бұл - екі кезеңнен тұратын сайлаудың соңғы шешуші туры.

Бәсекеге түсіп жатқан екі кандидаттың бірі - Мұсылман бауырлар ұйымының өкілі Мохаммед Мурси де, екіншісі - бұрынғы премьер-министр Ахмед Шафик. Мурси сайлаушыларға экономикалық және саяси реформалар жасап, былтырғы көтеріліс кезінде айтылған мақсаттар мен идеалдарды қорғаймын деп уәде етеді. Ал Шафик тұрақтылыққа қайтып оралу деген тұрғыда үгіт-насихат жүргізіп келеді.

Сайлау алдында Египетті уақытша билеп тұрған қарулы күштердің жоғарғы кеңесі парламент заңсыз сайланды деп күдіктеніп, оны таратып жіберуге пәрмен еткен еді. Әскери жетекшіліктің талап етуі бойынша ел басқару тетігін парламент осы айдың соңына дейін бүгін сайлауда жеңіп шығатын кандидатқа тапсыруы тиіс.
XS
SM
MD
LG