Accessibility links

БҰҰ: 2011 жылы әлемде 800 мың адам босып кетті


Пәкістандағы босқындар лагеріндегі ауған босқын балалары. Кветта қаласы. (Көрнекі сурет).
Пәкістандағы босқындар лагеріндегі ауған босқын балалары. Кветта қаласы. (Көрнекі сурет).
2011 жылы әлемде түрлі қақтығыстардан 800 мыңнан астам адам босып кетті. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары 18 маусымда жасаған баяндамасында айтты.

Бұл 2000 жылдан бергі ең үлкен көрсеткіш болып отыр. 2000 жылы әлемде 822 мың адам босып кеткен еді. Дегенмен, өткен жылы әлемде босқан және үй-күйсіз жүрген 42,5 миллион адамның 3,2 миллионы өз елдеріне қайтып оралған.

Босқындар ең көп шыққан ел Ауғанстан болып отыр. Мұнда барлығы 2,7 миллион адам босып кеткен. Ал жалпы босқындардың көпшілігі - Ливия, Судан және Сомалидегі әскери ұрыстардан қашқандар.

20 маусым - БҰҰ-ның бүкіләлемдік босқындар күні.
XS
SM
MD
LG