Accessibility links

Мексикада G20 саммиті аяқталды


АҚШ президенті Барак Обама G20 саммитінің жабылуында сөйлеп тұр. Лос-Кабос, Мексика, 19 маусым 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама G20 саммитінің жабылуында сөйлеп тұр. Лос-Кабос, Мексика, 19 маусым 2012 жыл.
Мексиканың Лос-Кабос қаласында экономикалық жағынан дамыған жиырма ел (G20) басшыларының саммиті аяқталды.

Саммитке қатысушылар бірлескен декларация қабылдады. Онда көбінесе Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) резервін 430 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту жоспары айтылған.

G20 басшылары Еуропа Одағының (ЕО) тұрақтылығы мен тұтастығын сақтау қажеттігін де айтып, Грекияның болашақ үкіметі мен ЕО мемлекеттері арасында ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.

Жиынның жабылуында сөйлеген АҚШ президенті Барак Обама өз ішіндегі экономикалық проблемалармен күресіп жатқан елінің ЕО-ға көмектесе алмайтынын айтып, Еуропа елдері қаржы дағдарысынан өз күштерімен шыға алады деген сенім білдірді.
XS
SM
MD
LG