Accessibility links

Қытайда көшкін салдарынан 16 адам қаза болған


Шыңжаңдағы елді мекендердің бірі. Көрнекі сурет.
Шыңжаңдағы елді мекендердің бірі. Көрнекі сурет.
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы сел көшкіні салдарынан қаза болғандардың саны 16 адамға жетті деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Жергілікті билік орындарының кеше жергілікті уақытпен сағат 23-тегі мәліметі бойынша, Іле-Қазақ автономиялық округіндегі Синьюань уезінде құтқарушылар он алты адамның мәйітін тапқан. Олардың арасында 10 ер адам, 3 әйел және 1 бала екендігі анықталған, қалған екеуінің кім екендігі әлі анықталмаған.

Олардан басқа тағы 12 адамның хабар-ошарсыз кеткені айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG