Accessibility links

Олимпиада жүлдегеріне Астанадан пәтер берілді


Қазақстандық боксшы Марина Вольнова. Лондон, 6 тамыз 2012 ж.

Қазақстандық боксшы Марина Вольнова. Лондон, 6 тамыз 2012 ж.

Лондон олимпиадасында әйелдер арасында бокстан қола жүлдеге ие болған қазақстандық спортшы Марина Вольноваға бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов екі бөлмелі жаңа пәтердің кілтін табыс етті деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Ал спортшының бапкері Берік Маржықпаевқа 5 млн. теңгенің ($1=149T) сертификаты тапсырылды.

Лондондағы жарыста бокстан 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жартылай финалға дейін жеткен Вольнова қазақстандық әйелдер арасында спорттың осы түрінен алғаш рет олимпиада жүлдегері атанды.

Қызылорданың тумасы 23 жастағы Марина Вольнова қазіргі уақытта Астана қаласында патрульдік полиция полкінде қызмет етеді.

Әлемнің 204 елінен он мыңнан астам спортшы қатысқан биылғы Лондон олимпиадасында Қазақстанның ұлттық құрамасы жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды.
XS
SM
MD
LG