Accessibility links

Ассанж: АҚШ WikiLeaks-ті қудалауды тоқтатсын


Джулиан Ассанж Эквадор елшілігінің балконынан сөйлеп тұр. Лондон, 19 тамыз 2012 жыл.
Джулиан Ассанж Эквадор елшілігінің балконынан сөйлеп тұр. Лондон, 19 тамыз 2012 жыл.
WikiLeaks сайтының негізін салушы, Швецияға экстрадицияланған Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде екі ай бойы жасырынып жатқан жерінен көпшілік алдына шықты.

Ассанж өзін полиция тұтқындап әкетпес үшін журналистермен елшіліктің балконына шығып тілдесті. Ол АҚШ үкіметін WikiLeaks сайтын қудалауын тоқтатуға шақырып, өзін ресейлік Pussy Riot панк тобымен және New York Times басылымымен қатар қойды.

Ассанж сөзінде өзінің үстінен "әйел зорлады" деп қозғалған қылмыстық іске қатысты ештеңе айтпады. Осы аптаның басында Эквадор билігі оған саяси баспана берген еді.

Швеция Ассанжды аталған қылмыстық іс бойынша экстрадициялауға тырысып жатыр. Ал Ұлыбритания үкіметі оны Эквадорға жібермей, Швецияға тапсыратынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG