Accessibility links

АҚШ-та Батыс Ніл вирусын жұқтырғандар көбейді


Адам денесіне қонған кулекс масасы. (Көрнекі сурет).
Адам денесіне қонған кулекс масасы. (Көрнекі сурет).
АҚШ-та өткен аптада Батыс Ніл вирусын жұқтырғандардың саны 60 пайызға өсіп, 1118 адамға жетті.

АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылау жасау орталығының дерегіне қарағанда, қазірге дейін аталған ауруды 1118 адам жұқтырып, оның 41-і қайтыс болған. Осыдан бір апта бұрын ауруды жұқтырғандар саны 700, одан қайтыс болғандар 26 адам еді.

Биыл 47 штатта Батыс Ніл ауруының вирусын жұқтырғандар тіркелген. Олардың басым көпшілігі Техас штатының азаматтары.

Батыс Ніл вирусы - өте күшті, толық зерттелмеген қоздырғыштардың бірі. Ол негізінен кулекс атты маса арқылы таралып, адамда безгек ұста, ми қабықшасының қабынуы сияқты ауруларды тудырады.
XS
SM
MD
LG