Accessibility links

Айға алғаш рет аяқ басқан адам өмірден өтті


АҚШ-тың "Аполлон-11" ғарыш кемесінің экипажы (солдан оңға): Нил Армстронг, Майкл Коллинз және Эдвин Олдрин. 30 наурыз 1969 ж.

АҚШ-тың "Аполлон-11" ғарыш кемесінің экипажы (солдан оңға): Нил Армстронг, Майкл Коллинз және Эдвин Олдрин. 30 наурыз 1969 ж.

Сенбі күні АҚШ-та 83 жасқа қараған шағында әйгілі астронавт Нил Армстронг дүниеден өтті. Отбасының хабарлауынша, биыл тамызда жүрегіне операция жасалғанымен оның денсаулығы оңалмаған.

Нил Армстронгтың есімі айға алғаш рет қадам басқан адам ретінде тарихта қалды. Ол 1969 жылы шілденің 20-күні жердің табиғи серігі айға қонған АҚШ-тың "Аполлон-11" ғарыш кемесі экипажының командирі еді. Экипаждың құрамында онымен бірге тағы екі адам - Эдвин Олдрин мен Майкл Коллинз болды.

Айдың бетіне тұңғыш рет аяқ басқан кезде Армстронгтың: «Бұл адам үшін кішкентай қадам, бірақ адамзат үшін үлкен секіру» деп айтқаны қанатты сөзге айналды.

Әйгілі астронавтың дүние салуына байланысты айтқан сөзінде АҚШ президенті Барак Обама Нил Армстронгты "Американың ең ұлы қаһармандарының бірі" деп атады.
XS
SM
MD
LG