Accessibility links

Қытайда жол апатынан қаза болғандардың саны 36 адамға жетті


Жол үстінде соқтығысып жанып кеткен автокөліктердің қаңқасы. Көрнекі сурет.
Жол үстінде соқтығысып жанып кеткен автокөліктердің қаңқасы. Көрнекі сурет.
Бүгін Қытайдың солтүстігінде болған автокөлік апатында қаза болғандардың саны 36 адамға жетті.

Бұған дейін тараған ақпаратта осы апаттың салдарынан 28 адам қаза тауып, жарақат алған 3 адам ауруханаға жеткізілгені айтылған еді.

Қытайдың мемлекеттік "Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, бүгін таңғы мезгілде Шэньси провинциясындағы Яньань қаласының маңында жол үстінде қалааралық бағытта жолаушы тасымалдайтын қос салонды автобус метан газын тасымалдайтын автокөлікпен соқтығысып, көліктердің екеуі де өртенген.
XS
SM
MD
LG