Accessibility links

Арменияда Қазақстан киносының күндері болады


"Жаужүрек мың бала" фильмінің афишасы. (Көрнекі сурет).
"Жаужүрек мың бала" фильмінің афишасы. (Көрнекі сурет).
Ереванның "Мәскеу" кинотеатрында 27-31 тамыз аралығында Қазақстан мен Армения арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 20 жыл толуына орай Қазақстан киносының күндері өтеді.

Арменияның Arminfo агенттігінің хабарлауынша, бүгін кешке "Қазақфильм" киностудиясының делегациясы, Қазақстанның Армениядағы елшісі мен осы елдің ұлттық кино орталығы өкілдері қатысатын қазақстандық бес киноның таныстырылуы өтеді.

Арменияда "Көшпенділер", "Балалық шағымның аспаны", "Жерұйық", "Жаужүрек мың бала", "Сіз кімсіз, Ка мырза?" фильмдері көрсетілмек.
XS
SM
MD
LG