Accessibility links

Пентагон: Бен Ладен туралы кітапта құпия дерек бар


АҚШ қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Джордж Литтл.
АҚШ қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Джордж Литтл.
Пентагонның мәлімдеуінше, АҚШ-тың бұрынғы әскери қызметкері Мэтт Биссоннеттің Усама бен Ладеннің өлімі жайлы жазған, сейсенбіде саудаға түскен No Easy Day кітабында құпия ақпарат бар.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Джордж Литтлдің сөзіне қарағанда, кітап баспадан шықпай тұрып онда құпия деректің бар-жоғы тексерілуі тиіс еді. Ол қазір кітап авторына заңды шара қолдану жайы қарастырылып жатқанын айтты.

Бірақ Мэтт Биссоннеттің адвокаты автордың өз мемуарын ондай тексеруден өткізуге міндетті емес екенін айтады.

France Press агенттігінің хабарлауынша, Биссоннеттің мемуарындағы кейбір фактілер америка үкіметінің ресми ұстанымына қайшы. Жарты миллион данамен шыққан кітаптың алғашқы тиражы 11 қыркүйекте саудаға түсуі тиіс еді. Бірақ мемуарға қатысты дау-дамай туындаған соң кітап дүкендерге 4 қыркүйекте шығып, алғашқы күні-ақ бестселлер атанды.
XS
SM
MD
LG