Accessibility links

Обама мұсылман елдеріндегі америкалықтарды қорғауға шақырды


Пәкістан мұсылмандары исламға қарсы фильмге наразылық акциясында Барак Обаманың қуыршақ бейнесін өртеді. Карачи, 18 қыркүйек 2012 жыл.

Пәкістан мұсылмандары исламға қарсы фильмге наразылық акциясында Барак Обаманың қуыршақ бейнесін өртеді. Карачи, 18 қыркүйек 2012 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мұсылман елдерінің басшыларын сол елдерде жүрген америка азаматтарын қорғауда қосымша шаралар қабылдауға шақырды.

Бұл мәлімдемені ол CBS телеарнасында жасады. Бұған дейін Обама шетелдердегі америкалық нысандардың, әсіресе дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігін күшейтуге шақырған еді.

АҚШ-тың бұл қадамы осы елде түсірілген исламға қарсы "Мұсылмандардың пәктігі" атты фильмге мұсылмандардың наразылығынан соң туындап отыр. Фильм таяуда YouTube сайтында араб тілінде жария болған соң өткен аптада бірқатар мұсылман елінде антиамерикалық наразылықтар басталды. Бір апта ішінде болған қақтығыстардан 19 адам қаза тапты. Оның төртеуі - америкалық.

Ал Пекинде сейсенбіде Жапонияның Қытаймен арадағы даулы аралдарды иемденуіне наразылық танытқандар АҚШ елшілігінің маңында елшінің көлігін қоршап алып, көлікке болмашы зақым келтірді. Елші Гэри Локк зардап шеккен жоқ.

Қытайдағы АҚШ өкілдіктері де Жапонияның одақтасы ретінде қарсылық нысанасына ілігіп отыр.
XS
SM
MD
LG