Accessibility links

Сомали исламистері Кисмайо қаласын тастап шықты


Сомали әйелдері. (Көрнекі сурет). 6 ақпан 2012 жыл.

Сомали әйелдері. (Көрнекі сурет). 6 ақпан 2012 жыл.

Сомалидегі исламистердің соңғы бекінісі - Кисмайо қаласына Кения және Сомали елдерінің үкімет әскері кірді.

Екі елдің әскеріне төтеп бере алмаған "Аш-Шабаб" жауынгерлері қаланы тастап шықты. "Олардың қаладан кеткенін жергілікті тұрғындар растап отыр" деп хабарлайды BBC ақпарат құралы.

Шабуылға қарсы жанталаса соғысқан исламистер "Біз уақытша шегіндік, қайта ораламыз" деп мәлімдеген.

Ақпараттар бойынша, "Аш-Шабаб" тобы "Әл-Қаиданың" бір тармағы.
XS
SM
MD
LG