Accessibility links

«Грузия арманы» Абхазия, Оңтүстік Осетиямен келіссөз бастамақ


"Грузия арманы" коалициясының жетекшісі Бидзина Иванишвили, Тбилиси, 02 қазан 2012
"Грузия арманы" коалициясының жетекшісі Бидзина Иванишвили, Тбилиси, 02 қазан 2012

Парламент сайлауында жеңіске жеткен «Грузия арманы» оппозициялық коалициясы Оңтүстік Осетия және Абхазиямен келіссөз бастауға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Бидзина Иванишвилидің сөзіне қарағанда, «Грузия арманы» Тбилиси «Ресей жаулап алған аумақ» деп санайтын танылмаған екі республикамен қарым-қатынасты реттеуші грузин заңдарын жұмсартуды жоспарлап отыр.

«Грузия арманының» жетекшісі Иванишвили «өздерінің Абхазия және Оңтүстік Осетиямен ауқымды саяси келіссөз жасауға ұмтылатынын» атап өтті.
XS
SM
MD
LG