Accessibility links

Сергей Удальцов қолхатпен босатылды


"Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов. Мәскеу, 15 қыркүйек 2012 жыл.

"Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов. Мәскеу, 15 қыркүйек 2012 жыл.

Ресейде үстінен іс қозғалған оппозициялық "Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов сәрсенбіде тергеу комитетінде тергелген соң ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, босап шықты.

Іс қозғауға НТВ телеарнасынан көрсетілген "Анатомия протеста-2" фильміндегі деректер "себеп" болған. Онда оппозиционерлер "шетелден (Грузиядан) келетін қаржының көмегімен билікті күшпен басып алуға дайындалып жатыр" деген пікір айтылған. Удальцов өзіне тағылған айыптарды жоққы шығарып, жақтастарын наразылық акцияларын күшейтуге шақырды.

Кеше Удальцов пен оның туыстарының үйлеріне тінту жасалған. Тергеу комитеті қазір Удальцовтің "теракт жасамақ болғаны" туралы мәліметті тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG