Accessibility links

Сауд Арабиясы келесі жылдан бастап Меккеде метро құрылысын жүргізуге тендер жариялайтынын хабарлады.

Қала мэрі Асам әл-Бардың айтуынша, құны 16 миллиард АҚШ долларына бағаланған метро 10 жыл салынбақ. Метроның ұзындығы 182 шақырым болады.

Автомобиль кептелісі соңғы жылдары Мекке үшін өзекті мәселеге айналды. Осы аптада қажылыққа Меккеге келген адамдар саны 2,5 миллион адамға жетті. Болжам бойынша, 20 жылдан соң Мекке халқы қазіргі 2 миллион адамнан 3 миллионға дейін көбейеді.
XS
SM
MD
LG