Accessibility links

Израиль мен ХАМАС келісім жасасты


ХАМАС ұйымының басшысы Халед Машаль. 29 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

ХАМАС ұйымының басшысы Халед Машаль. 29 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Израиль мен Газа секторына бақылау жасайтын Палестинаның радикалды ХАМАС тобы атысты тоқтату туралы бейресми келісім жасасты.

Египеттің ара ағайындығымен қол жеткен келісімге дейін екі жақ бір-біріне соққы жасаған еді. Газа секторынан Израильдің оңтүстігіне зымырандар атылып, Израиль әскерилері оған жауап ретінде Газа секторына соққы жасады. Тек сәрсенбінің өзінде Израильге 70-ке тарта зымыран атылды. Соққылардан 4 адам қаза тауып, 5 адам жараланды.
XS
SM
MD
LG