Accessibility links

Сергей Лавров Сирия оппозициясын айыптады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Амман, Иордания, 6 қараша 2012 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Амман, Иордания, 6 қараша 2012 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иорданияда Сирияның осы елге қашып келген бұрынғы премьер-министрі Риад Хиджабпен кездесті.

Хиджаб тамыз айында Иорданияға кетіп қалып, Сирия оппозициясының қатарына өткенін мәлімдеген еді.

Кездесуден соң Лавров Сирия оппозициясын президент Башар Асад биліктен кетпей, қақтығысты тоқтату туралы келісімге келмейтіні туралы талап қою арқылы қантөгісті созып отыр деп айыптады.

Лавров бұған қоса Башар Асад режимімен күресіп жатқан көтерілісшілерде АҚШ-та жасалған 50 "Стингер" зымыраны барын да айтты. Ол мұндай қарудың көтерілісшілер қолына қалай түсіп жүргенін айтпады.

Риад Хиджаб "Ассад биліктен кеткен жағдайда ғана қақтығыс тоқтайды" деген ұстанымда.

Сирияның мемлекеттік агенттігі "террористердің" сейсенбіде Дамаскіде Сирия парламенті спикері Жиһад әл-Лаһамның туысы Мухаммад әл-Лаһамды өлтіргендерін хабарлады. Ресми Дамаск "террористер" деп көтерілісшілерді атайды.
XS
SM
MD
LG