Accessibility links

Адвокат: Арқанкергеннен 18 адамның мәйіті табылған


Серік Сәрсенов, Владислав Челахтың адвокаты. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.
Серік Сәрсенов, Владислав Челахтың адвокаты. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.
15 адамды өлтірді деп айыпталып, соты жүріп жатқан Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов бүгінгі сот отырысында "Арқанкерген шекара бекетінен 15 емес, 18 адамның мәйіті табылғанын" айтты.

"Оқиға болған жерде 15 емес, 18 адамның мәйіті табылғанын ресми түрде растаймын. Ол мәйіттер кімдердікі екені анықталмаған және оны жасырып отыр" деді адвокат.

Оның айтуынша, "бұл ақпарат сот материалында бар - бірақ Челахты айыптаушы ретінде жазаға тарту туралы қаулыда да, айыптау қорытындысында да көрсетілмеген".
XS
SM
MD
LG