Accessibility links

Жоғалған тікұшақтағылардың аттары жарияланды


ле алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайын бақылып жүрген ТЖМ-нің тікұшағы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

ле алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайын бақылып жүрген ТЖМ-нің тікұшағы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік өткен сенбіде жоғалған МИ-823 тікұшағында болған адамдардың аты-жөндерін жариялады.

Министрліктің ресми emer.gov.kz сайтында жарияланған тізімде тікұшақ бортында болған сегіз адамның аты-жөндері келтіріледі. Олардың бесеуі экипаж мүшелері, үш азамат - мамандар:

Хабибуллин Рауль, тікұшақ командирі;
Есенәлиев Нұрлан, ұшқыш;
Ким Владимир, борт механик;
Максаев Константин, авиатехник;
Радомский Виктор, авиатехник.
Шоқпаров Нұржан, «ҚазТрансОйл» компаниясының жазғы бақылаушысы;
Сарсембаев Алмас, ауысым инженері;
Сабыров Кенжебай, инженер.

Тікұшақты іздестіру жұмыстары бүгін, бес күн бойы жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстарына 3 тікұшақ, 115 адам 13 арнаулы техника, 2 қайық тартылған.

Қазақстанның бас транспорт прокуратурасы бүгін тікұшақтың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғады.

24 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданы аумағынан Достық станциясына қарай көтерілген тікұшақ жоғалып кеткен еді. Тікұшақта экипаж мүшелерімен қоса алғанда 8 адам болған. Тікұшақты «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» компаниясы Атасу-Алашанькоу құбыр жолдарын тексеру үшін жалға алған.
XS
SM
MD
LG