Accessibility links

Шығыс Қазақстанда 80 ауыл таратылады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Шығыс Қазақстан облысында 80 шағын ауыл, кент және разъездер таратылып, жақын маңдағы елді мекенге қосылатыны туралы Өскеменнің yk-news.kz сайты хабарлады.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинскаяның айтуынша, тізімге енген 74 елді мекенде қазіргі кезде тұрғындар саны 50 адамға жетпейді, ал алты ауылда ешкім тұрмайды.

Жарма ауданында 14 ауыл, Аягөз және Бородулиха аудандарының әрқайсысында 13 ауыл, Зайсан ауданында – 8, Шемонаиха ауданында – бес ауыл таратылмақшы.

Әлеуметтік-экономикалық дамуы артта қалған ауыл тұрғындарын мемлекет есебінен қалаға көшіру туралы арнайы бағдарлама бар, қазіргі уақытта 105 адам сол бағдарламаға сәйкес Зырян қаласына көшіріліп, еңбекке жарамды 39 адамның 15-і жұмыспен қамтылды дейді шенеунік.

Ал осы кезге дейін тұрып келген мекенін тастағысы келмеген немесе көшуге жағдайы жоқ адамдар сол жерде тұра береді, тек тиісті құжаттарда олардың тұрғылықты жері ретінде басқа елді мекеннің атауы көрсетілетін болды.
XS
SM
MD
LG