Accessibility links

Есеп комитеті 19,7 млрд. теңгенің олқы жұмсалғанын айтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстанда нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 және 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламаларын жүзеге асырудың тиімділігін тексеру барысында 20 миллиардқа жуық теңгенің заң талаптарын бұза отырып жұмсалғаны анықталған. Бұл туралы ақпарат есеп комитетінің сайтында жарияланды.

«Ішкі істер министерлігі нашақорлық және есірткі бизнесімен күреске бөлінген қаржының қалай жұмасалғанына мониторинг жүргізбеген. Жалпы сомасы 19,7 млрд. теңгенің қаржысына қатысты бюджеттік және өзге де заңнамалық талаптардың бұзылғаны анықталды» делінген есеп комитеті таратқан ақпаратта.

Комитет аталған бағдарламаларды жүзеге асырудың нақты тетігі жоқ екендігін, жоспарлау кезеңінде тиісті жұмыстардың сапалы атқарылуын қамтамасыз етпеудің салдарынан жекелеген іс-шаралардың орындалмай қалғандығын атап көрсеткен.

Бюджет және өзге де заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етпеген мемлекеттік органдардың қатарында Қазақстанның ішкі істер, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері мен қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті аталған.
XS
SM
MD
LG