Accessibility links

"Арселор Миттал Ақтау" зауытында жарылыс болды


«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. (Көрнекі сурет).
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. (Көрнекі сурет).
Маңғыстау облысында бүгін "Арселор Миттал Ақтау" компаниясының құбыр жасау зауытында жарылыс болды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, жарылыс түс кезінде болған. Жарылыстан үш адам зардап шегіп, аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Бір адамның жағдайы ауыр. Департамент бірақ жарылыстың неден шыққанын айтпаған.

"Арселор Миттал Ақтау" зауыты мұнай-газ саласы, магистралды су, жылу жүйелеріне болат құбырлар жасаумен айналысады.
XS
SM
MD
LG