Accessibility links

Бакуде полиция мен шерушілер қақтығысты


Бакудегі наразылық шеруі. Әзербайжан, 10 наурыз 2013 жыл.
Бакудегі наразылық шеруі. Әзербайжан, 10 наурыз 2013 жыл.
Әзербайжанда полиция жексенбіде Бакуде болған наразылық шерулерін тарату үшін демонстранттарға резеңке оқ атып, су мен көзден жас ағызатын газ қолданды. Азаттықтың Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, екі жақ арасында қақтығыс болып, акцияға қатысқан ондаған адам тұтқындалған. Шеруге қатысушылар әскерге шақырылғандар өлімінің көбеюіне және оларға жәбір көрсетілуіне наразылық танытқан.

Бакудің орталық алаңында жексенбіде жүздеген адам жиналған еді. Ал 8 наурызда акцияның бірнеше белсендісі тұтқындалған. Олардың үшеуіне заңсыз қару мен есірткі заттарды сақтады деген айыптар тағылып отыр.

Оппозиция өкілдері билік осылайша жоспарланған наразылық шерулерін тұншықтырғысы келді деп санайды.
XS
SM
MD
LG