Accessibility links

RWB "интернетке жау" бес елді атады


Reporters Without Borders ұйымының белгісі.

Reporters Without Borders ұйымының белгісі.

Reporters Without Borders халықаралық баспасөз құқын қорғау ұйымы дүниежүзіндегі интернетті бақылауға қатысты есебін жариялады.

Биылғы жылғы есебінде ұйым бес мемлекет - Сирия, Қытай, Иран, Бахрейн және Вьетнамды "интернет жаулары" деп атап, бұл елдердегі адам құқықтарының бұзылып отырғанын айтады. Ұйымның дерегі бойынша, интернетте негізінен журналистерге, азаматтық журналистер мен диссиденттерге бақылау жасалады.

RWB бұған қоса авторитарлық режимдерге азаматтарды интернетте бақылауға алатын бағдарламаларды жасап берумен айналысатын бес компанияны да атап өткен. Олар - Gamma, Trovicor, Hacking Team, Amesys және Blue Coat компаниялары.

12 наурыз - интернет цензурамен күрестің халықаралық күні.
XS
SM
MD
LG