Accessibility links

Ауғанстанда зілзала мен селден 25 адам көз жұмды


Тұрғындар жер сілкінісінен құлаған үйлерін аршып жатыр. Жалалабад уәлаяты, Ауғанстан, 24 сәуір 2013 жыл.
Тұрғындар жер сілкінісінен құлаған үйлерін аршып жатыр. Жалалабад уәлаяты, Ауғанстан, 24 сәуір 2013 жыл.
Ауғанстанның шығысында Пәкістанмен шекаралас аймақта болған күшті жер сілкінісі мен су тасқынынан ондаған адам қаза тапты. Магнитудасы 5,7 балл болған зілзаланың ошағы Лагман уәлаятының орталығы Мехтар Лам қаласына жақын маңда тіркелген.

Көршілес Нангархар уәлаятының басшылығы, Қызыл Жарты Ай қоғамы Азаттықтың Ауған қызметіне зілзаладан осы уәлаятта 12 адам мерт болғанын хабарлаған.

Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігі Нангархарда жер сілкінісінен 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады.

Ал елдің солтүстігіндегі Балх уәлаятында кеше нөсер жауыннан соң жүрген селден 13 адам мерт болған. Ондаған үй қирап, бірнеше адам із-түзсіз жоғалған. Көршілес Сари-Пуль уәлаятында да сел жүрген.
XS
SM
MD
LG