Accessibility links

Пәкістанда келесі үкіметті Наваз Шариф құрмақшы


Пәкістандық саясаткер Наваз Шариф. Лахор, 9 мамыр 2013 жыл
Пәкістандық саясаткер Наваз Шариф. Лахор, 9 мамыр 2013 жыл
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Наваз Шариф Талибанның қоқан-лоқысына қарамастан дауыс берушілер көптеп қатысқан соңғы сайлаудан кейін келесі үкіметті құратынын мәлімдеді. 12 мамыр күні жария болған алдын-ала парламент сайлауының нәтижелері бойынша Шарифтің Пәкістан Мұсылман Лигасы 272 орынның 130-ын иеленіп, парламентте көпшілікке айналғалы тұр.

Ресми дерек бойынша Пәкістанда 11 мамыр күні өткен сайлауда 86 миллион сайлаушының 60 пайызы дауыс берген. Сол күні дауыс берушілерге жасалған шабуылдар кезінде 20-ға жуық адам қаза тапқан. Бірақ соған қарамастан Пәкістанның тарихында бірінші рет азаматтық үкімет бір мерзім қызметін толық атқарып, келесі үкімет құрамы анықталып жатыр.

Бұған дейін де Пәкістанның екі мәрте премьер-министрі болған Наваз Шариф өз партиясын жеңімпаз деп жариялап, басқа саяси күштерді ынтымақтастыққа шақырды.
XS
SM
MD
LG