Accessibility links

Ресей жоғарғы соты Ходорковский үкімін қарайды


Михаил Ходорковский (сол жақта) мен Платон Лебедев сот залында. Мәскеу, 24 мамыр 2011 жыл.
Михаил Ходорковский (сол жақта) мен Платон Лебедев сот залында. Мәскеу, 24 мамыр 2011 жыл.
Ресей жоғарғы соты "ЮКОС" компаниясының қамаудағы бұрынғы басшысы, Кремльдің саясатын сынаушы Михаил Ходорковскийге екінші рет шыққан сот үкімін қайта қарайтын болды.

Жоғарғы сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ходорковскиймен бірге оның бұрынғы бизнес әріптесі Платон Лебедевтің де сот үкіміне берген шағымы қаралмақ. Бірақ үкімнің нақты қашан қаралатыны айтылмаған.

Ходорковскийдің адвокаты Вадим Клювгант шағым жоғарғы сот алқасының арнайы отырысында қаралуы мүмкін екенін айтады.

2007 жылы банкроттыққа ұшырап жойылған "ЮКОС" компаниясының бұрынғы басшысы Ходорковский мен оның серігі Лебедев 2004 жылы "алаяқтық жасады және салық төлеуден жалтарды" деген айыптармен сотталған еді. 2010 жылы - мерзімдері аяқталар алдында олардың үстінен тағы да іс қозғалып, әрқайсысы 13 жыл 6 айға сотталған.
XS
SM
MD
LG