Accessibility links

"Талибан" кепілге алған қырғыз азаматын босатты


Ауғанстандағы "Талибанның" ресми өкілі Забиулла Муджахид.
Ауғанстандағы "Талибанның" ресми өкілі Забиулла Муджахид.
"Талибан" жауынгерлері Ауғанстанның оңтүстік-шығысында сәуірде кепілге алған қырғыз азаматын босатқандарын мәлімдеді. "Талибан" өкілі Забиулла Муджахид бүгін қырғыз азаматының босатылуын "Қырғызстан үкіметіне деген оң көзқарастың белгісі" деп атады.

21 сәуірде "Талибан" сарбаздары Түркияның сегіз, Қырғызстанның бір азаматын, ресейлік және ауғанстандық аудармашыларды олар мінген тікұшақ Лагор уәлаятында апатты жағдайда қонған кезде ұстап алған еді.

Түркия азаматтары өткен айда босатылған. Бірақ ресейлік және ауғандық аудармашылар әлі кепілде отыр. "Талибан" өкілдері кепілдегілердің арнайы қызметпен байланыстары бар-жоғын анықтап жатқандарын айтады.
XS
SM
MD
LG