Accessibility links

Лопестің өкілі: Ол Түркіменстандағы жағдайды білмеді


Америкалық поп әнші Дженнифер Лопес Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің туған күнінде ән салып тұр. Аваза, Түркіменстан, 29 маусым 2013 жыл.

Америкалық поп әнші Дженнифер Лопес Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің туған күнінде ән салып тұр. Аваза, Түркіменстан, 29 маусым 2013 жыл.

Америкалық әнші Дженнифер Лопестің өкілі "әнші Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің туған күнінде ән салғанда ол елдегі адам құқықтарының бұзылатыны туралы білмегенін" айтты.

Дженнифер Лопес 29 маусымда Түркіменстанның Аваза қаласында президент Бердімұхамедовтің 56 жасқа толған туған күнінде ән салған еді. Әншінің сапарын түркімен газын Қытайға тасымалдайтын қытайлық China's National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясы ұйымдастырған.

Түркіменстан президентінің туған күнінде ән айтқаны үшін Дженнифер Лопесті халықаралық Human Rights Foundation ұйымы сынға алған.

Әншінің өкілі жексенбіде мәлімдеме таратып, туған күнде ән салудың "саяси оқиға емес екенін" айтты. "Егер Түркіменстандағы адам құқықтарының жағдайы туралы білгенде Дженнифер ол елге бармас еді" деді өкіл.

Ақпарат құралдары Лопеске Түркіменстанда ән айтқаны үшін 1 миллион АҚШ доллары төленгенін жазып жатыр.

Human Rights Watch ұйымы Түркіменстанды "әлемдегі ең репрессивті режимдердің бірі" деп сынайды.
XS
SM
MD
LG