Accessibility links

Түркияда "Ергенеқон" ісінің үкімі шықты


Полиция "Ергенеқон" ісі бойынша сот үкіміне наразылық танытушылардың жолын бөгеп тұр. Стамбул, 5 тамыз 2013 жыл.
Полиция "Ергенеқон" ісі бойынша сот үкіміне наразылық танытушылардың жолын бөгеп тұр. Стамбул, 5 тамыз 2013 жыл.
Түркия соты "2003 жылы үкіметті төңкермек болды" деп айыпталған 275 адамға үкім шығарды. Бұрынғы армия қолбасшысы, 2008-2010 жылдары елдің қарулы күштерін басқарған генерал Илькер Башбуг өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. Башбуг өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Сотқа тартылған 21 адам ақталды. Бірнеше айыпталушы ұзақ мерзімді жазаға кесілді. Әр айыпталушыға үкім жеке-жеке оқылды.

Сотталғандар арасында генералдар, заңгерлер, ғалымдар мен журналистер бар. Оларға "Ергенеқон" деп аталатын "террористік ұйымға мүше болды", премьер-министр Режеп Тайып Ердоған мен оның "Әділет және даму" партиясына қарсы қарулы көтеріліс жасауға елді арандатты, заңсыз қару-жарақ сақтады" деген бірнеше айыптар тағылған.

Стамбул қаласы маңында "Ергенеқон" ісі бойынша шыққан үкімге наразы шерушілер полициямен қақтығысып қалды. Полиция оларды тарату үшін су мен резеңке оқ атты.

Айыптаушы тараптың мәліметі бойынша, "Сотталғандар 2003 жылы елде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған. Астыртын әрекеттер "Балиоз" деп аталған. Олар исламшыл фундаменталистер ретінде киініп, Стамбулдағы екі үлкен мешітте жарылыс жасау арқылы, әскери мұражайға шабуылдау арқылы елде тәртіпсіздік тудырып, үкіметті құлатпақ болған".

Түркияда "Ергенеқон" ісі бойынша тергеу 2007 жылы басталған еді.
XS
SM
MD
LG