Accessibility links

Ресей мен Әзербайжан ірі мұнай-газ келісімін жасасты


Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев екі ел сыртқы істер министрлерінің келісім шартқа қоюы кезінде. Баку, 13 тамыз 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев екі ел сыртқы істер министрлерінің келісім шартқа қоюы кезінде. Баку, 13 тамыз 2013 жыл.

Ресейлік "Роснефть" компаниясы мен Әзербайжанның мемлекеттік энергетикалық SOCAR компаниясы мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнату туралы ірі келісім жасасты. Құжатқа Ресей президенті Владимир Путиннің Әзербайжанға ресми сапары барысында қол қойылды. Екі ел президенттері Баку қаласында, 13 тамыз күні кездесті.

Екі тарап та келісім-шарт туралы егжей-тегжейлі ақпарат таратқан жоқ. "Жаңа келісім Ресейдің Әзербайжан нарығына дендей кіруіне мүмкіндік береді" деген болжамдар ғана бар.

Еуропа Одағы Ресей газына тәуелділігін азайту үшін көмірсутегі шикізатына бай Әзербайжанмен әріптестігін дамытуға мүдделі. Соңғы жылдары Ресей газының бағасына қатысты Мәскеу мен Киев (Украина) арасындағы даулар Кремльдің Еуропаға газ экспорттауына кедергілер келтіріп отыр.

Ильхам Әлиевтің айтуынша, "Ресеймен жасалған келісім-шарт энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді".
XS
SM
MD
LG