Accessibility links

Ресей консулдығы есепшотын жабу шешімі жойылды


Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 26 тамызда Ресей бас консулдығының 196 миллион теңге көлеміндегі есепшотын құлыптау туралы сот шешімін жойды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Экономикалық сот судьясы Дәулет Онкелдиев соттың есепшотты құлыптау туралы шешімін жойғанда БҰҰ-ның мемлекеттер мен олардың мүлкін заңнамалық қорғалуы туралы конвенциясына сүйенген.

Өткен аптада Алматының сот актілерін орындау департаменті кәсіпкер Тоқтағұл Шәріповке беруі тиіс 196 милилон теңге қарызын төлемегені үшін Алматыдағы Ресей бас консулдығының есепшотын жапқан еді.

Ресей бас консулдығы мен кәсіпкер арасындағы дау Алматыдағы коттеджден шыққан. Алматылық кәсіпкер Тоқтағұл Шәріпов 2005-2007 жылдары Көктөбедегі коттеджінің бір бөлігін Ресейдің сол кездегі бас консулы Рашид Ибрагимовқа жалға берген. 2007 жылы өрт салдарынан консул жалдап отырған ғимараттың төбесі мен екінші қабаты толықтай өртеніп, мамандар өрт зардабын 196 миллион теңгеге бағалаған.

Кәсіпкер Тоқтағұл Шәріповтің айтуынша, «шығынды өтеп беремін» деп уәде еткен Ресей консулы кейін басқа қызметке ауысып, Қазақстаннан кеткен. Мұнан соң кәсіпкер «үйдің шығынын консулдық өтеп берсін» деп сотқа жүгінген. «Консулдықтан қаражат өндірілсін» деген сот шешімі 2011 жылы қабылданып, 2012 жылдың наурыз айында күшіне енген.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі бас консулдығы есепшотының құлыпталуын заңсыз деп атап, Қазақстан билігінен "құқықтық баға беруді сұраған еді".

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG