Accessibility links

Нельсон Мандела ауруханадан үйге шықты


Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела үйінде отыр. ОАР, 6 тамыз 2012 жыл.
Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела үйінде отыр. ОАР, 6 тамыз 2012 жыл.
Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) бұрынғы президенті Нельсон Мандела госпитальден үйіне шығарылды. Ол өкпесіне инфекция түсіп, ауруханада бірнеше ай нашар жатты. Манделаның үйіне шығарылғанын ОАР үкіметі хабарлады.

Дәрігерлер 95 жастағы Манделаның жағдайы әлі де нашар екенін айтады. Бірақ мамандар оның ауруханада жасалған емді үйінде де қабылдай алатынын, медициналық қызметтің сапасы одан кемімейтінін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG